«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 22-24 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 22-23 ақпанда күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 23-24 ақпанда облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. 22-24 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 22-24 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі. 23 ақпанда күндіз кей уақыттарда көктайғақ күтіледі.