Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 13 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 13-15 ақпанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 13-15 ақпанда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 13-14 ақпанда облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, 15 ақпанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 13 ақпанда кей уақыттарда көктайғақ күтіледі. 13-14 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі. 15 ақпанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.