«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 12 ақпанда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 12 ақпанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 10-12 ақпанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 10-12 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 11 ақпанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 12 ақпанда күндіз тәулік бойы көктайғақ күтіледі. 12 ақпанда түнде және таңертен тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады 10-11 ақпанда екпіні 15-20 м/с, 11 ақпанда кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.