«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 07 ақпанда күндіз Жамбыл облысының батысында, таулы аудандарында, 08 ақпанда түнде таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 07 ақпанда күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, 08 ақпанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 07 тәулік бойы, 08 ақпанда түнде облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. 07-09 ақпанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 07-09 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 07 ақпанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, күші таулы аудандарда кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі, түнде 08 ақпанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 07 күндіз, 08 ақпанда тәулік бойы көктайғақ күтіледі. 09 ақпанда түнде және таңертен тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 07 тәулік бойы, 08 ақпанда түнде екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.