«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 04-06 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 04-06 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 04 ақпанда екпіні 25 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 05-06 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 04 ақпанда екпіні 15-20 м/с күтіледі.