«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 01, 02 ақпанда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар, 01 ақпанда күндіз таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. 01 ақпанда күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 01-02 ақпанда облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. 01-03 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 01 ақпанда тәулік бойы, 02 ақпанда түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.:. 01 ақпанда күндіз көктайғақ күтіледі. 03 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 01 ақпанда тәулік бойы, 02 ақпанда түнде екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с күтіледі.