«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 26 қаңтарда күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 26-27 қаңтарда түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. 26-28 қаңтарда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 26-28 қаңтарда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 26, 28 қаңтарда екпіні 23 м/с күтіледі.
Тараз қ.:. 27-28 қаңтарда түнде және таңертен тұман күтіледі. 26 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.