«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 17-19 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 17 қаңтарда түнде, 19 қаңтарда күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 17 қаңтарда облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, 19 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. 17-19 қаңтарда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 17-19 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. 19 қаңтарда күндіз көктайғақ күтіледі.