«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 11 қаңтарда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. 11-13 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 11-13 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, 11, 13 қаңтарда күндіз, 12 қаңтарда түнде кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.