«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 02 қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
02-04 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 02-04 қаңтарда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 02 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с, 03-04 қаңтарда облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 03-04 қаңтарда тұман күтіледі. 02 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.