«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 30 желтоқсанда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. 30-31 желтоқсанда облыстың таулы аудандарында тұман, 30 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі. 30-31 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 30 желтоқсанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 30-31 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, 30 желтоқсанда түнде кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.