«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, таңертең және күндіз 11 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, түнде 12 желтоқсанда таулы аудандарда қатты қар күтіледі. 10-12 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жаяу бұрқасын, 10 желтоқсанда көктайғақ күтіледі. 10-12 желтоқсанда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: күндіз 11 желтоқсанда қатты қар күтіледі. 10-12 желтоқсанда тұман, 10 желтоқсанда көктайғақ күтіледі.