«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 01-03 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 02-03 желтоқсанда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 03 желтоқсанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 01-03 желтоқсанда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 03 желтоқсанда таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі.