«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, күндіз 29, түнде және таңертең 30 қарашада Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 28-30 қарашада облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 30 қарашада облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 28-30 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, 29 қарашада күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 30 қарашада тұман күтіледі. 29 қарашада күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с күтіледі.