«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 22 қарашада күндіз, 23 қарашада түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 22-24 қарашада облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 22-24 қарашада солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 23-24 қарашада кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 22 қарашада күндіз, 23 қарашада тәулік бойы екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Құрметті азаматтар!
Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар.