«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 19 қарашада күндіз, 20 қарашада түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 19-21 қарашада облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 19-21 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 21 қарашада екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 19-21 қарашада тұман күтіледі.