«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 12 қарашада түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 10-12 қарашада облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. 11-12 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 11 қарашада күндіз, 12 қарашада тәулік бойы екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 10-12 қарашада тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 11-12 қарашада күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.