«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 09 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. 07-09 қарашада солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с , күндіз 08, тәулік бойы 09 қарашада екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 07-09 қарашада тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз 08 қарашада күші 15-20 м/с, 09 қарашада кей уақытта 23 м/с күтіледі.