«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 24-26 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 24-26 қазанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 25 қазанда күндіз, 26 қазанда тәулік бойы облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 26 қазанда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде 24 қазанда облыстың солтүстігінде, таулы аудадарында, 25 қазанда облыстың таулы аудадарында 2 градус үсік күтіледі.
Тараз қ.: 24 қазанда тұман күтіледі. 26 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.