«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 23 қазанда күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 21-23 қазанда облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. 21-23 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 22 қазанда, түнде 23 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 22 қазанда күндіз, 23 қазанда түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.