«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 13 қазанда Жамбыл облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса. 13-14 қазанда ауа температурасының күрт төмендеуі түнде 4-9 градус жылыға дейін, облыстың таулы аудандарында 1 градус жылы, облыстың батысында 1 градус үсік, күндіз 10-15 градус жылыға, облыстың таулы аудандарында 5 градус жылыға дейін күтіледі.
Тараз қ.: 13 қазанда батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Ауа температурасының күрт төмендеуі күндіз 13-15 градус жылыға дейін күтіледі.