«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 07 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 06-07 қазанда күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, 08 қазанда таулы аудандарында найзағай күтіледі. 06 – 08 қазанда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
06 – 08 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 06 қазанда күндіз, 07 қазанда тәулік бойы найзағай күтіледі.
06 – 08 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.