«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 28-29 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 27-29 қыркүйекте облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 27-29 қыркүйекте облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
27-29 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 29 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі.
27-29 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.