«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 21 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, 22 қыркүйекте түнде шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 21-22 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ , 23 қыркүйекте таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
21-23 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 21 қыркүйекте күндіз, 22 қыркүйекте түнде найзағай, бұршақ күтіледі. 21-22 қыркүйекте оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
21-23 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.