«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 20 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 20 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 20 қыркүйекте кей уақытта найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 20 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.