«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 17-18 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында, 19 қыркүйекте батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай күтіледі. 17-19 қыркүйекте солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 17-19 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 19 қыркүйекте солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 17-19 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.