«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 13 қыркүйекте Жамбыл облысының таулы аудандарында, 14 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 13-14 қыркүйекте облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 13-14 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 13-14 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.