«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 12 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
12 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 12 қыркүйекте түнде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
12 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.