«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 11 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі.
Тараз қ.: 11 қыркүйекте күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.