«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 31 тамызда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз 30, тәулік бойы 31 тамызда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз 30, тәулік бойы 31 тамызда екпіні 23-28 м/с күтіледі. 30 тамыз - 01 кыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 31 тамызда түнде қатты жаңбыр күтіледі. 30 тамызда күндіз, 31 тамызда түнде және таңертен найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 30 тамызда күндіз екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с күтіледі. 30 тамыз-01 кыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.