Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 12 тамызда солтүстігінде, таулы аудандарында Жамбыл облысының қатты жаңбыр күтіледі. 10 тамызда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, 11 тамызда солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында, 12 тамызда солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 12 тамызда күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында бұршақ, дауыл күтіледі. 10-12 тамызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 11-12 тамызда екпіні 25 м/с күтіледі. 10-12 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 10-12 тамызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, 11-12 тамызда кей уақытта 23 м/с күтіледі. 10-12 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.