Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 07-08 тамызда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, 09 тамызда таулы аудандарында найзағай, 07-08 тамызда күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. 07-09 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 07-09 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 07-08 тамызда таңертең және күндіз найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. 07 күндіз, 08 тамызда тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 07-09 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.