Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 01-02 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 01-03 тамызда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 01-03 тамызда күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 01-03 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 01-02 тамызда күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 01-03 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.