Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 29-31 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 29-31 шілдеде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 31 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 29-31 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 29-30 шілдеде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 29-31 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.