«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 27 шілдеде күндіз, 28 шілдеде тәулік бойы Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 26-28 шілдеде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 26 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық сақталады. 26-28 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 26-27 шілдеде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 26 шілдеде күндіз 38-40 градус қатты ыстық сақталады. 26-28 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.