Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 23-24 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 23-25 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 23-25 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 23-25 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 23-25 шілдеде күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 23-25 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.