Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 17-19 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 17-19 шілдеде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 17, 19 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус, 18 шілдеде 38-42 градус қатты ыстық күтіледі. 17-19 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 17-18 шілдеде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 17-18 шілдеде күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 17-19 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.