Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 14 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 14-16 шілдеде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 14 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық сақталады. 14-16 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 16 шілдеде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 14 шілдеде күндіз 38-40 градус қатты ыстық сақталады. 14-16 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.