«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 03 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 03 шілдеде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.