«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 30 маусым–02 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 30 маусым–02 шілдеде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 02 шілдеде облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 30 маусым–02 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 30 маусым–02 шілдеде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 02 шілдеде 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 30 маусым–02 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.