«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 25-26 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 24-26 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 24-26 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 24-26 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.