«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 19 маусымда таңертең және күндіз, тәулік бойы 20 маусымда Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 19-20 маусымда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 19 маусымда, тәулік бойы 20 маусымда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Күндіз 19 маусымда облыстың басым бөлігінде 35-40 градус қатты ыстық күтіледі.
19-20 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 19-20 маусымда күндіз найзағай, 20 маусымда күндіз бұршақ күтіледі. 19-20 маусымда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с, күндіз 19 маусымда, тәулік бойы 20 маусымда кей уақытта екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз 19 маусымда 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 19-20 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.