«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 17-18 маусымда күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 16-18 маусымда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 17-18 маусымда облыстың басым бөлігінде 35-40 градус қатты ыстық күтіледі.
16-18 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 16, күндіз 18 маусымда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 17-18 маусымда 38-40 градус қатты ыстық күтіледі.
16-18 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.