«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 13-15 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, 15 маусымда екпіні 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 15 маусымда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі күтіледі.