«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 10-12 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, 12 маусымда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 11-12 маусымда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.