«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 09 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 37-42 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 09 маусымда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қауіпі сақталады.