«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 20 мамырда түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23 м/с күтіледі.
Тараз қ: 20 мамырда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.