«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 14 мамырда күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ: 14 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.