Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 30 сәуірде күндіз, 01 мамырда тәулік бойы Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ: 30 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. 30 сәуір-1 мамырда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.