Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 25 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, таңертең және күндіз 25, тәулік бойы 26 сәуірде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ: 25-26 сәуірде таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.